2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сай, әрбір жұмыс беруші қызметкерлердің кірістерінен төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 01 қаңтардан бастап туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарна төлеуге міндеттелді. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді.

ЖМЗЖ есептелетін сома тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) кем болмауы және оның 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1