Міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) жүзеге асыру, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен сенімгерлік басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты мынадай тәсілдермен алуға болады:
- БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте;
- БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте;
- eGov.kz веб-порталы мен eGov mobile ұялы қосымшасында.
Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында орналастырылған.