Зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірме сіздің жинақтарыңыз туралы толық ақпаратты қамтиды:
Сұратылған кезеңнің басындағы және соңындағы жинақтарыңыздың сомасы, бұл сіздің зейнетақы капиталыңыздың қалай көбейгендігін көрсетеді.
Кезеңнің басында және соңында есептелген инвестициялық кіріс, яғни инвестициялау нәтижесінде қанша ақшаның түскенін көресіз.
Зейнетақы жарналарының барлық түрлері туралы мәлімет, жүргізілген операциялардың күнімен қоса көрсетіледі.
Сіздің шотыңыздағы күні көрсетілген барлық аударымдар туралы ақпарат.
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖТ) жүзеге асыру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы.
Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы.