Сіздерді онлайн-форматта өтетін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы жыл сайынғы мастер-класқа шақырамыз.
Күні:
7 қараша – орыс тілінде
8 қараша – қазақ тілінде
Уақыты: 10:00 - 12:30
Бағдарламада:
? Әлемдегі зейнетақы жүйелері: Әлемдегі әр түрлі зейнетақы жүйелері және олардың демографиялық өзгерістермен байланысымен танысыңыз.
? Инвестициялар: Зейнетақы жинақтары қалай және қайда инвестицияланатынын біліңіз.
? Сенімгерлік басқару: Басқарушы компаниялар туралы ақпаратты табуға және талдауға үйреніңіз.
? Зейнетақыны жоспарлау: Болашақта алатын зейнетақы мөлшерін есептеу құпияларына көз жеткізіңіз.
? Төлемдер және олардың тетіктері: Зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатынын түсініп алыңыз.
? Мақала жазу: Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты ақпарат дайындауды үйреніңіз.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет!
Аты-жөніңіз, БАҚ немесе оқу орнының атауы, қатысу күні және байланыс деректері көрсетілген өтінімді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберіңіз.
Шақыру сілтемесі іс-шараға бір күн қалғанда жіберіледі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы біліміңізді тереңдету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!