Соңғы уақытта алаяқтардың БЖЗҚ қызметкерлері кейіпінде азаматтарға қоңырау шалып, алаңдатарлық жаңалықтарды хабарлау жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, олар азаматтың жарналарды төлемейтіндігі анықталғанан кейін оның шотының бұғатталатындығына сендіріп бағады. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін "жеке қызмет көрсетуге кезекті онлайн түрінде брондауды" ұсынады.  Бұл қалай іске асады? Қоңырау шалу кезінде алаяқтар кезекке онлайн тапсырыс беруді ұсынады және 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына код жібергенін хабарлайды. Содан кейін олар брондау үрдісін аяқтау үшін осы кодты айтуды сұрайды.  Жәбірленуші осы кодты айтқаннан кейін оның банктік шоттарындағы ақшасы жоғалып кетуі мүмкін!  Білу маңызды: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан бөгде адамдарға ешқандай кодты хабарламаңыз және бейтаныс сілтемелерге өтпей сақ болыңыз.  Өзіңізді қалай қорғай аласыз?  Ешқашан кодтар мен құпия сөздерді айтпаңыз. Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.  Егер күдікті біреу БЖЗҚ атынан мазаласа, байланысты дереу үзіп, Қормен тікелей хабарласыңыз!  Жақындарыңыз хабардар және қауіпсіз болуы үшін осы ақпаратпен бөлісіңіз! 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1