Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 "Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақтар төлемін қалыптастыру және есепке алу, сондай-ақ, нысаналы талаптарды есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысымен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының кәмелетке толған қатысушыларына БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында аударатын нысаналы жинақтарды (бұдан әрі - НЖ) есептеу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті операторлар (бұдан әрі-УО) Ұлттық пошта операторы және екінші деңгейдегі банктер бекітілді.

Осылайша, "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор)  және УО арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібін белгілейтін келісімдер жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген банкі бағдарламаға УО ретінде қатыса алады.

НЖ пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар:

тұрғын үйге - "Отбасы банкі "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ,

білім алуға - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1