Зейнетке шығуды жоспарлау – бұл болашағыңызға деген қамқорлық қана емес, ол қаржылық жағдайды жақсарту үшін бүгіннен бастап белсенді жұмыс істеу дегенді білдіреді. Сіздің өміріңіздің әр кезеңінде нені ескеру маңызды екенін қарастырайық.
20 жас: Жолға шығу • Басты қағидаларды түсіну. Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейтінін, зейнетақыны кім және қалай қалыптастыратынын, БЖЗҚ салымшылары үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін біліңіз. • Жинақ қажет. Зейнетақы қорына аз болса да, тұрақты түскен жарналар арқылы едәуір зейнетақы капиталын жинауға болады.
30 жас: Жоспар құру • Қаржылық жоспарыңызды бағалаңыз. Ағымдағы жинақтарыңызды талдаңыз. Зейнетақы жинақтары сіздің ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. • Мақсаттарды анықтаңыз. Зейнетақы қаражатын қалай пайдаланатыныңызды қарастырыңыз — үй сатып алу, сақтандыру компаниясына аудару немесе қартайған шақта ай сайынғы төлемдерді алу үшін жинау.
40 жас: Стратегияны оңтайландыру • Стратегияңызды тексеріңіз. Зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелерін зерттеңіз. Бақарушылардың кірістілік көрсеткіштерін басқа инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) нәтижелерімен салыстырыңыз. Қажет болса, кірісті жақсарту және қаржылық мақсаттарыңызға сәйкес болу үшін ИПБ-ны ауыстыруды қарастырыңыз. • Қосымша табыс көздері туралы ойланыңыз. Зейнетақы жинақтарын көбейту үшін қосымша табыс мүмкіндіктерін ойластырыңыз.
50 жас: Зейнетке шығуға дайындық • Жинақтарыңызды тексеріңіз. Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз қалаған деңгейге жақындағанына көз жеткізіңіз. Олай болмаса, жарналарды көбейту жолдарын қарастырыңыз. Ерікті зейнетақы жарналарын аудару туралы ойланыңыз. • Зейнетақы мүмкіндіктерін бағалаңыз. Зейнетке шыққан кезде сіз үшін қолжетімді болатын зейнетақы жүйесінің барлық мүмкіндіктерін зерттеңіз.
60 және одан жоғары: Соңғы мәре • Қорытынды жоспарлау. Зейнетке шығуға дайындалыңыз, төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды нақтылаңыз. • Бюджетті есептеңіз. Зейнетақы жинақтарыңыз қажетті шығындарды жабатынына көз жеткізіңіз. Ай сайынғы төлемдер сомасын есептеу үшін enpf.kz сайтындағы зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз.