Бағдарламаны іске асырудағы 8 айда 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен 2,2 млн АҚШ доллары болатын 21 933 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,3 млн АҚШ долларына жуық сомаға 12 487 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 947,6 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9446 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымды толықтыру (1,2 млн АҚШ долларынан астам сомаға 12 048 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 15 мың АҚШ долларынан астам сомаға 150 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге -11,7 мың АҚШ долларына 116 өтініш.
Білім алу ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (758,4 мың АҚШ долларынан астам сомаға 7561 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (137,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 1 366 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) бір рет біржолғы ақы төлеу (43,4 мың АҚШ долларынан астам сомаға 433 өтініш орындалды) жүзеге асты.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында беру туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% мөлшері жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында теңдей бөлінеді. 2024 жылғы ақпанда БЖЗҚ-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балаларға алғашқы нысаналы талаптар есептеліп, 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.
Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз: