Егер сіз БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге өтініш беруді жоспарласаңыз, enpf.kz сайтындағы Қызметтер бөлімінде бланкілердің барлық қажетті үлгілері мен оларды толтыру мысалдары бар екенін еске саламыз.
Егер сіз құжаттарды пошта арқылы жіберсеңіз, бланкілерді дұрыс рәсімдеу сіздің өтінішіңізді өңдеуді едәуір жылдамдатуы мүмкін.
Бұған enpf.kz сайтында "Электрондық қызметтер" бөлімінде орналасқан құжаттарды алдын ала тексеру қызметі көмектесе алады.