Бұл – enpf.kz сайтындағы жаңа сервис. Салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған ол қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару, сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құру, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.
Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге Қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге жол ашады.
Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға беріледі.