АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

Зейнетақы жарналарының міндетті сипаты 

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады. 

2023 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтардың мынадай санаттары БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес болды:

- салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған барлық тұлғалар БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады. МЗЖ төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде оны пайдасына осы жарналар аударылатын жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады.

Бұл шара халықты болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз етуді көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын ұлғайтуға ықпал етеді.

Зейнетақы жарналарын төлеуге кімдердің міндетті немесе құқылы екендігі туралы Қордың сайтындағы "Салымшыларға" бөлімінен оқыңыз.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1