Қазіргі кезде сіз атап өткен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға өз қаражаты есебінен жұмыс беруші кәсіптері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін өз қызметкерлерінің пайдасына 01.07.2023 ж. дейін аударады. Ал 01.07.2023 ж. бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аударатын болады. МКЗЖ мөлшері – қызметкердің ай сайынғы табысының  5%.

Егер жұмыс беруші патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болып табылмаса, МКЗЖ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіп пен мерзімдерде табыс төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей ұлттық валютада төленеді. МКЗЖ аударылуын мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Егер қызметкер нақты төлеген және табыс алған жағдайда, жұмыс беруші қаражатты қызметкердің БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына уақытылы аудармаса, мемлекеттік кіріс органдары БЖЗҚ шотына аударуға жататын қаражатты мерзімі өткен әрбір күн (Мемлекеттік корпорацияға төлем жасалған күнді қоса алғанда) үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі көлемінде есептелген өсімпұлмен бірге өндіріп алады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормаларына сай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) іске қосылады. Олар тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған қызметкерлер үшін агенттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты белгіленеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖМЗЖ мөлшерлемесі қызметкердің жалақысының 1,5% тең болады. Одан кейінгі әр жыл сайын 1% ұлғайып, 2028 жылы 5% көтеріледі. ЖМЗЖ-ны кезең-кезеңмен енгізу жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, ЖМЗЖ жүйесіне қатысу өтілі кемінде 5 жыл (60 ай) болған кезде ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие бола алады.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалып, ағымдағы ай үшін төленеді және қайтыс болған айды немесе Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен айырмашылығы шартты-жинақтаушы құрамдауыштағы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мұраға қалмайды, өйткені, олар қызметкердің меншігі емес. Сондай-ақ, оны БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алу мүмкіндігі де жоқ. ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға болмайды. Оларға зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік қолданылмайды.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1