Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бар болса) есебінен зейнетақы төлемдерін алу мақсатында сіз зейнет жасына толған кезде тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) бірыңғай өтінішпен, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжатпен, банктегі шотыңыз туралы мәліметтермен бірге жүгінуіңіз керек.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен (алушының өтініші мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн не БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы туындаған күн) бастап белгіленеді және салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1