АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

2023 жылы БЖЗҚ-дан төлемдер алуға кім құқылы?  

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:

- 61 жасқа толған әйелдердің (бұл жас нормасы 2028 жылға дейін қолданылады);

- 63 жасқа толған ер адамдардың;

- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың құқығы бар.

Мемлекеттік, яғни базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыны қамтитын төлемдерді тағайындау үшін, жасына жеткен зейнеткерлерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне бір өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгіну жеткілікті.

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ бөлімшесіне немесе Қордың сайты арқылы өтінішпен жүгіну қажет. Жеке кабинетте "Қызметтер" - "Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру" бөлімін таңдау керек. Қажетті құжаттардың толық тізімін де осы жерден таба аласыз. БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күн өтініш берілген күн болып есептеледі.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемін алуға өтініш берген күн болып:

· зейнет жасына толған алушылар үшін – Мемлекеттік корпорацияда өтініш тіркелген не БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған;

· егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топ мүгедектігі бар адамдар үшін – БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күн есептеледі.

БЖЗҚ алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомасын:

· егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

· зейнет жасына толғандарға – Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күннен кейін Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес, алушылардың банктік шоттарына аударады.

Шетелге тұрақты тұруға кететін адамдар да міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлемдерді талап ете алады. Ол үшін көші-қон полициясы органдарына жүгініп, "тұрақты тұруға кету" мәртебесін алып, содан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын алуы керек. Елден кетуді дұрыс ресімдегеннен кейін еліміздің шегінен тыс жерге кетуші азамат БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасымен жүгінуі қажет. Құжаттар Қорға қабылданған немесе түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемі жүзеге асырылады.

Зейнетақы жинақтарының төлемдері тек алушының банктік шотына жүзеге асырылатынын және алушы оны кез келген валютада: теңгеде, ресей рублінде, еурода, АҚШ долларында немесе фунт стерлингте сұратуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Толық ақпарат, оның ішінде қажетті құжаттардың тізімі де БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1