Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі түрлі тәуекелден барынша қорғалатындай етіп құрылған. 23 жыл ішінде әлемдік экономикадағы бірқатар қаржылық дағдарыстарға қарамастан, ол тұрақтылықты сақтап қалды. Қазіргі уақытта  Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы алушыларға зейнетақы төлемдері құқығын иеленген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған сәттегі инфлиция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді. Егер зейнетке шығар алдында жинақтар инфляциядан төмен болса, онда бұл айырма БЖЗҚ-дан алғашқы зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен алушының пайдасына есептеледі.

Егер сіз зейнетақы жинақтарын пайдаланбас бұрын ескерілетін тәуекелдерді айтып тұрсаңыз, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу, ең алдымен, салымшының жеке зейнетақы шотының жай-күйіне, одан әрі оның болашақ зейнетақы төлемдеріне әсер ететінін атап өткіміз келеді. Азаматтардың зейнетақы жинақтарын есепке алу жеке жүргізіледі, және жинақтар дербес зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен және бар болған жағдайда оның дербес алымдарынан (немесе зейнетақы төлемдерінен) қалыптастырылады.

Қаперге ұстайтын жәйт, ЖЗШ-да жеткіліктілік шегі аясында қалатын қаражат салымшыны ең төменгі зейнетақыдан кем емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етеді. Бұл азғантай сома БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% болатын ең төменгі базалық зейнетақыдан құралады. Жеке зейнетақы шотында зейнет жасына жеткенде алушыны ең аз төлеммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті соманы сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептеледі. Сонымен қатар, лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін тұрақты, уақытылы жарналардан, алынған кірістерден толық көлемде қалыптасатын жинақ болуы қажет.

Айтпақшы, Сіздің жағдайыңызда зейнетақы жинақтарыңыздың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға (ИПБ) аударуға болады. Яғни, тәуекелге бел буып, инвестор болуға, әрі көбірек табыс алуға  мүмкіндігіңіз бар. Әрі бұл ақша  келешекте зейнетақы шотыңызға қайта құйылатындықтан  оны жұмсалған  емес,  болашақта зейнетақы төлемдеріңізді алатын еселенген қаражат деп қарастырғаныңыз абзал.

Ол үшін басқарушының инвестициялық декларациясымен танысып, қаражатыңыздың қалай және қандай құралдарға инвестицияланатынын түсіну қажет. Қазір нарықта төрт ИПБ жұмыс істейді, олар туралы толық ақпаратты enpf.kz сайтынан таба аласыз.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1