1) "БЖЗҚ" АҚ-да тіркелген төлемге өтініштің орындалу мәртебесін "Электрондық сервистер" бөліміндегі " Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім" қызметінің көмегімен қадағалауға болады.

2) инвестициялық портфельді басқарушыларға ауыстыру кезінде өтініштің орындалу мәртебесін Жеке кабинеттің басты бетіндегі "Өтініштердің мәртебесін қадағалау" деген кіші бөлімде қадағалауға болады.

___________________ 

1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасыынң 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V заңы  

2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №330 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары

3 "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

Салымшылардың назарына. БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жеткілікті сомадан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалуды жалғастырады.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері алымдарына жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды.

3) Сақтандыру ұйымына ауыстыру бойынша өтініштің орындалу мәртебесін Жеке кабинеттің басты бетіндегі "Өтініштердің мәртебесін қадағалау" кіші бөлімінде бақылауға болады, атап айтқанда:

- ЖСН мен парольді пайдалана отырып;

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан алынған ЭЦҚ кілтінің көмегімен;

- төлемге және (немесе) аударымға өтініште көрсетілген деректерді пайдалана отырып жүргізіледі.

"БЖЗҚ" АҚ сайтында авторизациядан өткеннен кейін алушыға төлем/аударым өтінімінің мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін бет қолжетімді болады. 3-ші әдіс арқылы авторизациялану кезінде сіз тек авторизация кезінде көрсетілген мәлімдеменің ғана мәртебесін бақылай аласыз.

4) БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлеміне (БЗТ) өтініштің мәртебесін салымшы "БЖЗҚ" сайтындағы "Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім" электрондық қызметі және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы дербес тексере алады.

Осы операциялардың барлығын төмендегі тәсілдермен жасауға болады:

 - ЖСН мен парольді пайдалана отырып (олар БЖЗҚ дерекқорында тіркелуі тиіс). Бұл тәсілді  салымшы өз жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі ретінде "интернет-ақпараттандыруды" таңдаған жағдайда жүзеге асыруға болады);

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан алынған ЭЦҚ кілтінің көмегімен.

Сонымен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетумен (ТТК) байланысты төлемдерді алу үшін құжаттарды алдын ала тексеруді онлайн режимінде жүзеге асыруға болады.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1