ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер үшін өз пайдасына БЖЗҚ-ға төленуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Айта кетейік, жеке тәжірибемен айналысатын адам, сондай-ақ, жеке кәсіпкер өзі айқындап, өз пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріс – алынатын табыс болып табылады. Табысы болмаған жағдайда жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне алу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және өндіріп алу Қағидаларының 8 және 13-тармақтарына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке тұлғалар (бұдан әрі – банктер) міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарының және қызмет көрсету (жұмыстарды орындау) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасқан өз қызметкерлері мен жеке тұлғалардың табыстарынан ұсталған қаржысын аудару (қолма-қол ақша аудару) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсетеді. Ал оларға қоса берілген тізімдерде өзі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан қызметкерлер мен жеке тұлғалар туралы мәліметтер (ЖСН, тегі, есімі, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарналардың сомасы және міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезең (ай/айлар, жыл) көрсетіледі.
Заңының 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарының және нысанасы қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасқан өз қызметкерлері мен жеке тұлғалардың табыстарынан ұсталған сомаларын аудару (қолма-қол енгізу) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсетеді. Ал оларға қоса берілген тізімдерде өзі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан қызметкерлер мен жеке тұлғалар туралы мәліметтерде (ЖСН, тегі, есімі, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарналардың сомасы және міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезең (ай/айлар, жыл) көрсетіледі.