Қазақстан Республикасының Салық кодексі салық салынатын табыс деп есептелетін зейнетақы төлемдері түріндегі төлемдерді айқындап қойған. Әрі зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа арналған салық мөлшерлемесі де бар.

Мәселен, Салық Кодексінің 326-бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа БЖЗҚ жүзеге асыратын келесі төлемдер жатады:

1)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары  және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтары;

ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары;

2) ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнет жасына толған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін қоныс аударған Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларына берілетін төлемдер;

3) ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнет жасына толмаған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін қоныс аударған Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларына берілетін төлемдер;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі жеке тұлғаларға берілетін төлем;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға берілетін төлем.

Салық кодексінің 320-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы табыс көздерінен алынған дивидендтер түріндегі табысты қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 пайыз мөлшерлемесінде салық салынады. 

Салық кодексінің 353-бабының 3-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы,

айырма

Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы.

айырма

Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағы және 346-бабының 1-тармағы 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіп пен мөлшердегі салық шегерімдерінің сомасы;

Салық кодексінің 345-бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа мынадай мөлшерлерде салықтық шегерім қолданылады:

1) Салық Кодексінің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша, республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген, әрі зейнетақы төлемі төленетін әрбір айдағы зейнетақы төлемі түріндегі табысты есептеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;

2) Салық Кодексінің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша, республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түрінде кірісті есептеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшеріндегі салықтық шегерім қолданылады.

Салық кодексінің 341 – бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, қайтыс болу туралы анықтама немесе қайтыс болу туралы куәлік болған кезде ең төменгі есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері аясында жерлеуге арналған төлемдер жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) бойынша түзетуге жатады.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, келесі зейнетақы төлемдерін алушыларға салынатын салықтың мөлшерін айқындау кезінде алушы БЖЗҚ-дан төлем алатын күні күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінде стандартты салық шегерімдері қолданылады:

- Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

- Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

- І, II немесе III топтағы мүгедек;

- мүгедек бала;

- әрбір осындай  мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек баланың ата-анасы, қорғаншылары, қамқоршыларының бірі;

- «бала кезінен мүгедек»  деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

- асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі;

- ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балаларды отбасына асырап алған ата-ананың бірі, - жетім бала, немесе ата-ананың қамқролығынсыз қалған балаларды отбасына қабылдау туралы келісім-шарттың қолдану мерзімінде осындай әрбір тұлға үшін .

Салық кодексінің 351-1-бабында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (алушы) БЖЗҚ-дан алатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері көзделген.

Бұл ретте БЖЗҚ ЖТС-ті Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемені (10% мөлшерінде) біржолғы зейнетақы төлеміне қолдану арқылы есептейді.

Салық кодексінің 351-1-бабы 2-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстап қалу және аударуды БЖЗҚ жеке тұлғаның ЖТС ұстап қалу туралы өтінішіне сәйкес мынадай тәсілдердің бірі бойынша жүргізеді:

1) Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған күннен кешіктірмей, бір мезгілде;

2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.

ЖТС ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның БЖЗҚ атынан салық агентіне ұсынған ЖТС ұстап қалу туралы өтінішінің негізінде жүргізіледі.

Назар аударатын жәйт, зейнетақы төлемдерін алушылардың келесі табыстарына салық шегерімдерін қолданбай 10 (он) пайыз мөлшерлемесі бойынша ЖТС салынады:

- Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі төлемдер;

- Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға төлемдер (Салық кодексінің 655-бабының 3-тармақшасы);

- тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшының (алушының) БЖЗҚ-дан алатын біржолғы зейнетақы төлемдері кіреді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1