Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы, заңның белгілі бір нормаларын түсіндірудегі, қаржылық сауаттылықты арттырудағы және әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірдің барлық қырларын шынайы берудегі рөлі өте маңызды.
Көп нәрсе журналистке және олардың материалдарда қамтылған мәселелерді түсінуіне байланысты. Осыған байланысты, «БЖЗҚ» АҚ Сізді «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» атты жыл сайынғы семинарға қатысуға шақырады. Зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпараттандыруға және оқытуға бағытталған іс-шара 2022 жылғы 24 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2021 жылғы 25 қарашада (жұма) қазақ тілінде онлайн-форматта өтеді.
Курс бағдарламасы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы рейтингтік материалдар жасауға көмектеседі. Олар оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіз үшін қызықты болмақ. Өйткені, барлық қазақстандықтар зейнетақы капиталын қалыптастыруға мүдделі. Қор сарапшылары арқылы Сіз Қазақстанның зейнетақы жүйесінің аралас түрін неге таңдағаны, ЕАЭО елдерінде зейнетақы құқықтарының қалай іске асырылатыны жайында мағлұмат алып, басқа елдердің тәжірибесімен де танысып, бар ақпаратты мақсатты аудиторияңызға жеткізе аласыз.
Сарапшылар зейнетақы шотындағы жинақтың қалай инвестицияланатыны, болашақ зейнетақы төлемдерін қалай есептеу керектігі, Қордың электрондық сервистерін пайдалануды үйрету, сондай-ақ, ЖЗЖ және БЖЗҚ қызметі туралы ең өзекті ақпаратты қалай жедел алу керектігі туралы де баяндап береді.
Өтетін орны: Cisco WebEx вебинар платформасы
Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары
Өткізу уақыты: 24 қарашада орыс тілінде және 25 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Қатысуға өтінімді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жіберу қажет өзі туралы ақпаратты көрсету керек:
ТАӘ,
БАҚ немесе оқу орнының атауы (студенттер үшін),
қатысу күні,
электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен оқиға туралы ескертулерді жіберу үшін).
Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.