Ол үшін:
— enpf.kz сайтына өтіп, «болжамдық зейнетақы калькуляторын» ашу;
- барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
- «есептеу» батырмасын басу қажет.
Сондай-ақ, онлайн калькуляторды мына мақсаттарда пайдалануға болады:
— Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің қозғалысын бақылау;
— Жинақтарды жоспарлы түрде алу кезінде зейнетақы төлемдерін есептеу;
— Зиянды және қауіпті өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төленетін төлемдердің өсімін есептеу.
Сіз бұл мүмкіндікті пайдаланып көрдіңіз бе?