«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ» тақырыбында ӨҢІРЛІК СЕМИНАР өтті

Семинар «Жас маман» жобасы аясында оқу процесін ұйымдастырудың 2021 жылғы бірлескен үшжақты іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, экономика ғылымдарының магистрі Жаманбаева Дина Узакбаевна және Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Баймашова Данагүл Қонысқызы сөз алып, «Жас маман» бойынша атқарылып жатқан өңірдегі іс-шараларға тоқталды.

Кейін, мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «APEC PetroTechnic» Атырау жоғары колледжінің оқу процесін ұйымдастырудағы академиялық және өндірістік ісі жөніндегі орынбасары В.Г.Варавинаның «Индустриялық кеңестің қызметі» тақырыбын қозғады.

Ал химия өндірісінің арнайы пән оқытушысы А.С.Калдыбаева «WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан» өткізудің тәртібі, оқу процесінде жүзеге асырудың жолдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, шара барысында «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи жабдықтарға экскурсия жасалып, оқу процесінде қолданылуы және оқытушылар мен білім алушылардың меңгеруі бойынша шебер класстар көрсетілді. Өңірлік семинарда осы бағытта белсенділік танытқан О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Лапиденова М.С.,

Ақтөбе автожол колледжінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Алишева Ж.К. және «Құзыреттілікті бағалау» орталығының меңгерушісі Сафин Е.Н., Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ходжаниязова Ж.Т.

Сондай-ақ, колледж түлектерін және кәсіптік білім алған азаматтардың басқа да санаттарын халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттау, бітірушілерді жұмысқа орналастыру, "WorldSkills" қозғалысын жандандыру, білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатындағы «Құзыреттілікті бағалау орталығы» құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы туралы да сөз етілді.

Іс-шара Атырау, Ақтөбе облыстық ТжКББ ұйымдарының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысуымен жүзеге асырылды.  

 

 

 

 







FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1