Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспары аясында Қобда ауданында кезекті «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ІЗДЕНІС. ИННОВАЦИЯ. ТӘЖІРИБЕ» тақырыбында облыстық көшпелі семинары өтті. Семинардың алғы сөзінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова сәттілік тілектерімен және бағдарламаның орындалуындағы мақсат-міндеттерімен таныстырды. Іс-шара қатысушылары мен қонақтары Қобда аудандық білім бөлімінің “Біртұтас тәрбие” платформасының ашылуына куәгер болды. Платформаның заманауи тәрбие процесіне қажетті инновациялық және жүйелі тәсілдерді анықтап, тәжірибеде қолданудың маңыздылығын аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Абен презентациялады. Сондай-ақ, семинар барысында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыруда оқушылар арасында ұйымдастырылатын іс-шаралардың тәжірибелік тарату жұмыстарының нәтижесі жаңа перспективалар ашатынын әдістемелік кабинеттің әдіскері Б.Калжигитова айқындап атап өтті. Осы орайда, облыстық көшпелі семинардың жұмыс барысында Қобда ауданы білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасарлары шебер - класс пен фасилитациялық отырыс кезеңінде бағдарлама аясындағы жобалар мен құндылықтарды жаңа инновациялық тәсілдер арқылы, яғни шараның маңыздылығы болып табылатын - жасанды интеллектпен байланыстырудың әдіс-тәсілдерін көрсетті:
1. Инновациялық әдістерді енгізу:
- «Smart Bala» жобасы – балаларды өнертапқыштыққа баулудың бастамасы;
- Зияткерлік ойындар мен кітап кейіпкерлері арқылы шығармашылықты дамыту – оқушылардың ойлау қабілетін және қиялын жетілдірудің тиімді тәсілі;
2. Кешенді тәрбие беру:
- Қауіпсіздік тақырыптарын тәрбие жұмысына енгізу – оқушылардың қауіпсіздік туралы білімін тереңдетеді;
-Мамандыққа бағдарлау – оқушылардың болашаққа саналы түрде дайындалуына ықпал етеді.
3. Ата-аналармен байланыс:
- Педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс сапасын жақсартады.
Қорытынды бөлімінде, қатысушылар мен қонақтар семинардың нәтижесі - тәрбиелік жұмыс тәжірибені байытып, білім беру ұйымдарының тәрбие сапасын арттыруға ықпал ететінін және аталған шаралар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде бірегей мүмкіндіктер беретінін ашық микрофон арқылы білдірді.