Актөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 27 қаңтарда «Құзыретті көшбасшылық: мектеп директорына қажетті дағдылар мен тәсілдер» тақырыбында онлайн форматта облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинарға Ақтөбе облысының жаңадан тағайындалған 70-тен астам мектеп директоры қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар мектеп басқару мәселелерін талқылап, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді басқару әдістерін меңгерді.
Семинарда 2024 жылғы облыстық дебат турнирінің жеңімпаздары өздерінің басқару тәжірибесімен, мектептегі білім сапасын арттырудың озық әдістерімен және ұжымды тиімді ынталандыру жолдарымен бөлісті:
- Бекжанов Орынбасар Избасарұлы, №76 жалпы білім беретін мектептің директоры;
- Кенжебаева Анар Төлкібайқызы, Ақтөбе қаласындағы №50 орта мектептің директоры.
Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, спикерлерден толық әрі нақты жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. Ашық диалог форматы директорларға өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды қарастыруға жағдай жасады.
Семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралардың кәсіби шеберлікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын және мектеп басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеруге көмектесетінін атап өтті.