Болашақ ұрпақты патриоттық үлгіде тәрбиелеуде мектеп мұражайлары ерекше маңызды рөл атқарады. Мұражай ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұрасын насихаттайтын мәдениет ошағы болып табылады. Мұражайдағы сақталған тарихи мұрағаттар оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен қолданып, бүгінге дейінгі ата-бабаларымыздың өмірі туралы, өткен күндердің құнды дүниелері туралы сыр шертетіні белгілі. «Кешесіз бүгін болмас»- демекші, елдің тарихын білмей болашаққа барлау жасау мүмкін емес. Сонау көне заманнан бері келе жатқан мұрағаттардың барлығы мұражайларда мыңдаған жылдардың дүниесі ретінде сақталып, рухани мәдениеттің ескерткіші болып келеді.

       Ақтөбе облысы бойынша мектеп мұражайларының жұмыс белсенділігін арттыру мен тәжірибе тарату, рухани-адамгершілік, отансүйгіштік, құқықтық тәрбиесін насихаттап жүрген, мұражайда жұмыс жасайтын  мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында Ақтөбе облыстық әдістемелік  орталығындағының  ұйымдастыруымен  «Үздік мектеп мұражайы -2024» атты байқау  өтті.

          Қорытынды  кезеңге мектеп мұражайларынан іріктеліп  5 мектеп, атап айтсақ:   Әйтеке би ауданының Талдысай жалпы орта білім беретін мектебі, Қобда ауданының  Исатай Тайманов атындағы гимназиясы, Ақтөбе қаласының  М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты және Қобда ауданының  Бегалы негізгі мектебі,  Қобда ауданының Жарық мектеп- балабақшасы қатысты.

Шешім:

 •       I дәрежелі диплом – Ақтөбе қаласы,  М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының музейі.

        II дәрежелі диплом – Әйтеке би ауданы Талдысай жалпы орта білім беретін мектебінің музейі.

        III дәрежелі диплом – Қобда ауданы  Исатай Тайманов атындағы гимназиясы.

        III дәрежелі диплом – Қобда ауданы Бегалы негізгі мектебінің музейі.

        Алғыс хат -  Қобда ауданының Жарық мектеп- балабақшасы.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1