Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 25 ақпан күні «Педагогтерге мобильдік көмек» жобасын ендіру бойынша оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында онлайн әдістемелік вебинары өтті.

Вебинарда қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жою облыстық жол картасы бойынша «Ауыл мектебі-үздік білім сапасы» облыстық бағдарламасы аясында «Педагогтерге мобильдік көмек»  жобасын жоспарға ендіру жолдарымен бөлісті.

Мұғалжар ауданы Аккемер тірек мектебі директорының орынбасары А.Буркуталина  «Шағын жинақты мектептерде білім  сапасын көтеру бойынша ресурстық орталықтарда «Педагогтерге мобильдік көмек» жобасын енгізу, оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру жолдары» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.

         №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы ресурстық орталығының директоры

Б.Абдуллина және Шұбарқұдық гимназиясы-ресурстық орталығының директоры Б.Иманғалиев «Ауыл мектебі-үздік білім сапасы» облыстық бағдарламасы аясында жұмыс жоспары мен мұғалімдердің жеке жұмыс жоспарларының бағыттарын көрсетті.

Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері,  ресурстық орталықтың директорлары мен мұғалімдері қатысты.

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                             Б.С. Туржанова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1