2021 жылғы 19 ақпанда  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы № 17 «Шұғыла»  МДҰ облыстық  эксперименттік алаң аясында «Мектепке дейінгі балалардың рухани байлығын қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты балабақшадағы эксперименттік жұмысты аяқтау қорытындысы бойынша  тәжірибе тарату болып табылды. 

Шара барысында  Ақтөбе қаласындағы №17 «Шұғыла» МДҰ педагогтері қазақ тілі мұғалімі Ж.А.Курамысова «Мектепке дейінгі балалардың рухани байлығын қалыптастыру», мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі А.М.Султанова «Эксперимент кезеңдері арқылы рухани қазыналардың жиынтығын жеткізу жолдары» атты тәжірибелерімен бөлісу  барысында экспериментті кезеңдерге бөліп, жұмыс жасаудан сапалы нәтиже шығатынын,  жетістіктер көруге болатынын атап өтті.

   Одан әрі аталған ұйымның тәрбиешісі У.Н.Тулеугазина  «Педагогикалық диагностика – эксперименттің тиімділік көзі» тақырыбындағы баяндамасында әр кезеңді қорытындылап,  балалардың  білім деңгейін педагогикалық диагностика арқылы бағалап, балалардың осы эксперименттен алған білімдерінің нәтижесін көруге болатынын айқындады.

   Дене шынықтыру жетекшісі А.А. Сақтағанова «Эксперимент негізінде ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы»  тақырыбында эксперимент бойынша өз бейнематериалында балалармен жасалған практикалық жұмысын көрсетті.

   Семинар соңында пікір алмасып, тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

 

М.Т.Мурзагулова - мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1