2021 жылдың 17-ақпаны күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының базасында Ақтөбе қаласы «№50 орта мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Бастауыш сыныпта саралау тәсілдерін тиімді пайдалану-табысты оқытудың нәтижесі» атты облыстық онлайн–семинар болып өтті. Іс-шараға облыстың 97 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
Онлайн-семинар жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері ф.ғ.магистрі С.Жубаева ашып беріп, тәжірибе бөлісетін №50 орта мектебінің директоры Мейрамгул Құдайбергенова кіріспе сөзін сөйледі.
Озық тәжірибелі педагогтер А.К.Жукаева,Л.С.Ашубаева, Г.Ж.Раканова, М.Т.Сағынғалиева,Б.Қ.Бигельдинова, А.А.Даулеткереева білім алушыларды мқсатқа жеткізетін қолайлы оқу ортасы саралап оқыту туралы талқылап, саралау тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Онлайн-семинар қорытындыланып, қатысушылардың жылы лебіздерімен аяқталды.