Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2021 жылғы 12-ақпан күні аудандық, қалалық білім бөлімдерінің дарынды оқушыларымен жұмыс жасайтын әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Әдістемелік күн» өткізді.
Әдістемелік күннің бағдарламасына сәйкес «Дарынды оқушыға қолайлы жағдай жасау – құзыретті мұғалімнің міндеті» тақырыбында өткен шараны орталық директоры м.а. Д.У.Жаманбаева сөз алып, қазіргі таңдағы дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, олардың интеллектуалдық қабілеттері мен талантын дамыту үшін қолайлы жағдайды жасаудың маңыздылығын баса айтып, шараны ашып берді. Әдістемелік күн барысында Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ж.К.Куанова «Дарынды баланың қабілетін арттыру және қолдау» жолдарымен таныстырып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Мәртөк ауданы Жайсаң жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі М.Ш.Омарова «Дарынды оқушымен жұмыс: проблема, ізденіс, шешім» атты баяндамасында дарынды оқушылармен жұмыс барысында кездесетін мәселелердің шешімдеріне тоқталды. Қашықтықтан оқыту кезінде дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері