2021 жылы 09 ақпанда Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығымен бірлесіп тәрбие бағыты бойынша Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің іс тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Қоғам құндылығы» жобасы аясында: «Колледждегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасарларымен облыстық семинар ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі М.К.Жубандыкова, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.К.Рамазанов сөз алып тәрбие міндеттерін орындауда оқу – тәрбие процесінің талаптары мен жүйелі және мақсатты жүргізілуіне тоқталып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Абельпеисова «Колледжде тәрбие жұмысын жоспарлау – бұл тәрбие берудің жетістік факторы және студентің жеке өзін-өзі тануы», әдіскер Ғ.Р.Ахметжанова «Оқытушы-куратордың әдістемелік және тәрбие жұмысындағы жаңашылдықтар», психолог Ж.М.Камашева «Тәрбие беру процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау», топ куратор Г.С.Байтакова «Тәрбие субъектілерінің профилактикалық қызметі», жатақхана тәрбиешісі Г.К.Жалашева «Жатақханадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері», ұйымдастырушы-тәрбиеші Б.Б.Каумешов «Өзін-өзі басқару - жеке тұлғаны қалыптастыру құралы», психолог Г.С.Шуиншибаева, әлеуметтік педагог Г.Г. Суюндыкова «Тәрбие жұмысын қалай тиімді ұйымдастыруға болады» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскер Б.Ж.Нурмолдина техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, тәрбие жұмысының нормативке сәйкес базасын нығайту, педагогикалық жұмыстардың деңгейін көтеру, білім алушыларға толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау, тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен ақпараттандырып өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1