Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық білім беру жүйесінде инновациялық қызметті дамыту мақсатында ағымды жылдын 6-шы ақпан күні «ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ» атты облыстық шығармашылық шеберханасының ІІ отырысы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

Отырыс жұмысына 90 адамнан астам әдіскерлер, класс жетекшілер мен мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Модератор: инклюзивті білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы - А.М.Наренова

Отырыс барысында облыстық шеберхана жетекшісі, Ақтөбе қаласы № 69 жалпы білім беретін орта мектебінің география және өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Б. Султангалиева «Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтармен сабақтастығының маңызы» тақырыбында қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі, соның ішінде қазіргі кездегі қыз тәрбиесіндегі басты белгілер мен қағидаларды анықтау өзекті мәселелердің бірі екеніне баса тоқталып өтті. Сонымен қатар, А.Б.Нуртаева тоғызыншы класс қыз балаларымен "Қазақ қызының бұзылу қаупі...Неге, неліктен, неден...?!» атты пікірталас өткізді. Пікірталаста оқушылар қыз балаға тән қасиеттерге тоқталып, қазіргі таңда қыз балалар арасында өрескел іс-әрекеттер көбейіп кеткенін және одан арылу жолдарында не істеуге болатындығы жөнінде өз көзқарастарын білдіріп, ойларын айтты. Видеороликтер арқылы ата-аналарының пікірлері тыңдалды.

 Отырыс соңында шеберхана жұмысы туралы қатысушы мамандар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1