Бұқараттық ақпарат құралдары, медиаорта, медиакеңістік қазіргі таңда біздің балаларға өз ықпалын беруде.
Осы орайда, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес “МЕДИАПСИХОЛОГИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ” тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингті орталық директорының орынбасары Д.К.Халетова алғы сөзімен ашты.
Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, “Психология” мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, М.К.Жубандыкова медиапсихологияның ерекшеліктерін және психологтың қазіргі бала психикасына қауіпті топтарды ескеруі қажет ақпаратты өз баяндамасында атап өтті.
Бөлім әдіскері Н.Ж.Айтжанова Хаги Ваги ойыншықтары, телеграм боттар, Синдром восьмиклассника т.б. топтардың бала психикасына жағымсыз әсер қалдырмауы үшін ақпаратты фильтрлеу техникаларын, ата-аналарға жеткізу жолдарын көрсетті.
А.А.Тоқсанбаева медиапсихологияда сауалнама құрастырудың өзекті жолдарын атады. Бала мен ата-ана, білім алушы мен психолог арасында сенімді байланыс жасауды көрсетті.
Шара соңында “Махаббат сыйла” рефлексиясымен және кері байланыспен аяқталды.