Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 5-ақпан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, аудан, қала, колледждер бойынша кітапханаға жауапты мамандар мен әдіскерлерге арналған «Әдістемелік күн» өткізді. Әдістемелік күн жұмысына облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Г.С.Мырзағалиева, бас маманы Д.Н.Орнова және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскерлері қатысты.

Күн тәртібінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы қаралды. Орталық әдіскері Н.Е.Танирбергенов облыстық жоба 4 бағыттан тұратын іс-шаралар жоспары құрылып, балаларды, ата-аналарды оқуға тарту бойынша білім беру ұйымдарының атқарылатын жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты жобаны іске асыру барысында енгізіліп жатқан жаңалықтармен таныстырып, мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту бойынша іс-тәжірибесімен интернат кітапханашысы Утарбаева Гульмира Бексултановна бөлісті. 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1