Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 05-23 қыркүйек аралығында «Білікті ұстаз, білімді шәкірт!» атты ұстаздар күніне арналған облыстық эссе байқауы өтті.
Эссе байқауы педагог мамандығын таңдау уәждерін, білім берудің өзіндік педагогикалық қағидаттары мен тәсілдерін, қазіргі әлемдегі педагогтың миссиясын, педагогикалық іс-әрекеттің мәнін ашу, қазіргі заманғы мәселелер мен оларды білім беру арқылы шешудің мүмкін жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Барлығы 71 жұмысы қабылданды және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз оқытушылар диплом, алғыс хат, сертификаттарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!