Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйек күндері облыстық білім беру бөлімдеріндегі педагог-психолог қызметін үйлестіруші әдіскерлерге, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі орынбасарларына, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «БІЛІМ АЛУШЫ ӨМІРІНДЕГІ ҚАУІПТІ ИНДИКАТОРЛАР» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында педагогтер МОБИЛЬДІ ТОП жұмысын тиімді ұйымдастырудың жолдарына талдау жасады.
Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі Жубандыкова Меруерт Күнболқызы - қазіргі білім алушылардың өміріндегі келеңсіз жағдай орын алған кездегі психоэмоционалды жай-күйіне және мінезіндегі өзгерістерге психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің өзектілігіне ерекше мән берді.
СПИКЕРЛЕР: С.Б.Байдуашова, Б.Т.Колкабаев, А.С.Картбаева.
Бекмұрат Терекбаевич – аутодеструктивті мінез-құлық индикаторларын түсіндіріп, маңыздылығын көрсетті.
Алтынай Сазанбаевна - ведомствоаралық әрекет ету алгоритмінің тиімділігін таныстырып, байланысты нығайту жолдарын атап өтті.
Сандигуль Базаркуловна - Д.Стотт бойынша бақылау картасының жүргізілу барысын және қауіпті өмірлік жағдайдағы білім алушыны зерттеуге болатын тиімді диагностика ретінде ақпараттындырды.
Семинар соңында қатысушыларға семинардан алған ақпаратты өз аудандарындағы әріптестерімен және ата-аналарымен бөлісу ұсынылды.