2022-2023 оқу жылында ТжКББ ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыты ең алдымен білім алушыларда бәсекеге қабілетті түлек үшін қажетті өмірлік дағдылар мен адами құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

2022 жылдың 15 қыркүйегінде директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, топ кураторлары және жатақхана тәрбиешілері үшін «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тәрбие бағытының мазмұнын трансформациялау: негізгі өзгерістер мен жаңа тәсілдер» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарда тәрбие жұмысының ерекшеліктері және олардың басым бағыттары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингтің алдын алу, тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды қолдану және пайдаланудың маңыздылығы, жаһандық өзгерістер жағдайында жатақханадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді бағыттары туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, әрбір студенттің көшбасшылық қасиеттерін ашу және жастар бастамаларын қолдау мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, педагог-психологтардың, топ кураторларының, клубтар мен үйірмелер жетекшілерінің жұмысын жетілдіру және жандандыру қажеттігі туралы атап өтілді.

Семинарда қатысушылар 2022-2023 оқу жылына арналған ұсыныстарды қабылдады:

- тәрбие жұмысының мазмұнын трансформациялау жағдайында педагогтарды кәсіби жетілдіру үшін жағдай жасау;

- оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізу және оларды тарату;

- тәрбие жұмысының мазмұнын және олардың басым бағыттарын жетілдіру;

- жастарды салауатты өмір салтына тарту;

- көшбасшылық қабілеттерін дамыту, әрбір білім алушының тәрбие деңгейін және жеке тұлғалық өсуін арттыру бойынша жұмысты жандандыру.

Ашық диалог алаңында Ақтөбе облысы полиция департаменті ювеналды полиция тобының аға инспекторы Н.А.Мукумов, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі М.К. Жұбандықова және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хатты талқылап, ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмысын қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілеріне тоқталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1