Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың 5-ақпан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, әр аудан, қала, колледждер бойынша халықаралық зерттеулерге жауапты тұлғаларға арналған «Әдістемелік күн» өткізді. Әдістемелік күн жұмысына облыстың білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Г.С.Мырзағалиева, бас маманы Д.Н.Орнова және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары қатысты.
Әдістемелік күннің бағдарламасына сәйкес «Халықаралық зерттеулерді өткізу және оның салыстырмалы нәтижелері» тақырыбында орталықтың бөлім меңгерушісі Г.К.Нукеева сөз алып, халықаралық зерттеулерге қатысудың жалпы беретін мүмкіндіктері, негізгі бағыттары, салыстырмалы нәтижелері, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылықтары және жаһандық проблемалар мен мәдениетаралық байланыстар туралы білімін анықтауға берілген тапсырмалармен және алға қойылған мақсат-міндеттермен таныстырды.