Облыстық тамыз кеңесі аясында 22 тамыз күні Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖОББМ  базасында география пәні мұғалімдерінің «География пәнін оқытудағы негізгі мәселелер: анықтау, талдау және енгізу» тақырыбындағы сессиясы өткізілді. 

Сессия отырысы ерекше, TED  форматында өткізіліп, скикерлер география пәнін оқытудағы өз көзқарастары мен ойларын ашық айтты. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім мазмұны институтының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Ө.Б.Мазбаев «Жаратылыстану пәндерін оқытудың негізгі мәселелеріне тоқталып, география пәнін кіріктіріп оқытудың ұтымды тұстары мен STEM моделін қолдану артықшылықтарын атап көрсетті.

Жаңартылған мазмұндағы білім беруде, оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді  әрекетке айналдыру, география сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту – сессияның негізгі мақсаты болды. Осы мақсатты жүзеге асыру барасында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Д.Н.Асан география пәнін оқытудағы 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулықтағы  өзгерістер мен жаңалықтарды таныстырып өтті. М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың география пәнінің мұғалімдері М.Қ.Нурбаева мен М.К.Жолмағанбетов заманауи мектепте география пәнін оқытудың ерекшеліктеріне тоқталып, қазіргі жағдайда ҰБТ – ға дайындық жүргізудегі негізгі  кедергілерді көрсетіп, оны шешу жолдарындағы өзінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Ж.Ж.Исагалиев, Ырғыз ауданы М. Төлегенов атындағы  ЖОББМ-нің тарих және география пәнінің мұғалімі «География сабағында АКТ қолдану», «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны»,  «География сабақтарында  оқушылардың пәндік және  функционалдық құзіреттіліктерін дамыту» тақырыптарында сөз алды.  Сонымен қатар Түркістан қаласында өткен съездің берген нәтижелері талқыланып, педагогтер ойландырып жүрген мәселелерін ортаға салды.

Сессияның екінші бөлімінде Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәні мұғалімі С.Ө.Қалбек «Квест ойыны арқылы оқушының ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында және  №18 орта мектептің география пәні мұғалімі, педагог зерттеуші; Л.Б.Абубакирова мен осы мектептің информатика пәні мұғалімі Ж.У.Еркебаева «География және информатика сабағындағы пәнаралық құзіреттілікті дамыту;  инклюзивті білім беру ортасын  құру» тақырыбында шебер-класс өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

АОҒТО әдіскері Д.Н.Асан

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1