Облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Технология және өнер пәндерін оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында панельдік сессия жұмысы өтті.

 Сессия жұмысына Республикалық шығармашылық көрмелердің жүлдегерлері, пән мұғалімдері, әр аудан бойынша жауапты мамандар қатысты.

Панельдік сессия спикерлері: Ақтөбе қаласы, №9 МГ мұғалімі Гульнара Кабидуллиновна Жумабаевна, Ақтөбе қаласы, №6МГ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Көркем еңбек пәні мұғалімдері мен көркем эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің сьезінің делегаты, «Алтын тұмар» жинағын ұйымдастырушы Ардақ Жолдасұлы Күмісқалиев, Ақтөбе қаласы,

№ 37 ОМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Көркем еңбек пәні мұғалімдері мен көркем эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің сьезінің делегаты, «Алтын тұмар» жинағын ұйымдастырушы Алибек Толепбергенович Балмағамбетов, Ақтөбе қаласы, № 36 қазақ орта мектебі, көркем еңбек пәні мұғалімі, Педагогикалық шеберлік орталығы тренері Қалила Көпжасаровна Райымкулова, Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі, Темір ауданы №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Нұрлан Саулебайұлы Жақыбаев.

Сессия жұмысында қаралған мәселелер:

 «Көркем еңбек пәні және заман талабы» тақырыбы, «ҚР білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Орта білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу», «Әдістемелік нұсқау хат негізіндегі көркем еңбек пәні бойынша өзгерістер туралы», «Технология пәнінің ғылыми құндылықтары» тақырыптары қарастырылды.

«Шығармашылықтан нәтижеге - шебер класс шеруі» тақырыбында өткен шеруге республикалық фестивалінің жеңімпазы, Республикалық байқаудың жүлдегері Алтынбек Куванышбаевич Сейдалиев, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ көркем еңбек пәні мұғалімі Ақбота Ерсайыновна Туысова, Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің мұғалімі, Еуразия Дизайнерлер одағының мүшелері, шебер класс жетекшісі Жұлдыз Мырзалиевна Қасқырбаева шебер класс тәлімгерлерімен бірге шығармашылық жұмыстарынан көріністер көрсетті.

Сессия жұмысы барысында «Балалар жылына» орай Ақтөбе қаласында өткен «Өнер көкке жеткізер» республикалық көрме жұмысын ұйымдастырушылар мараппаталды.

Басқарма басшысының «Алғыс хаттары» Ақтөбе қаласынан Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ көркем еңбек пәні мұғалімі Ақбота Ерсайыновна Туысова, №40 ЖББОМ Мурзалинова Гаухар Маратовна, №56 ЖББОМ Туысова Актоты Ерсаиновна, Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ Имамурзина Олеся Болаткалиевна, Шалқар ауданы "ГКС-12 ЖОББ" КММ Сүйеубаева Айгүл Нұралықызына табыс етілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1