2022 жылғы 18 тамызда облыстың педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі жағдайында мектепке дейінгі білім беру жүйесін трансформациялау» тақырыбындағы панельдік сессиясы мектепке дейінгі ұйым басшыларының, әдіскерлер мен  педагогтердің қатысуымен өтті.

 Сессия жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «You Tube» арнасында тікелей трансляцияланды.

Панельдік сессия барысында мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен оқыту бойынша нормативті- құқықтық  құжаттарының   жаңартылуына, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жаңартылған талаптарына назар аударылды.

Бұдан әрі Ақтөбе қаласы  № 33 «Нұрсәт» балабақшасының педагогтері, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде  республикалық «Құзыреттілік орталықтары» және «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күні бойы екі педагог» жобаларының қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асыру жолдарын айқындап берді.

 Қатысушыларға алдағы оқу жылындағы тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, 2022-2023 оқу жылындағы нұсқаулық-әдістемелік хаттың мазмұны таныстырылып, үлгілік оқу жоспары талқыланды.

Сессия жұмысының соңында қатысушылар арасында пікір алмасып, ұсынымдар қабылданды.

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1