«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінің кітапханашыларына семинар өткізді.
Семинарда қашықтан оқыту жағдайында оқушыларға көмек көрсету мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашылары білім беру ресурстарын пайдалану бойынша тәжірибе алмасты. Барлық қарастырылған сұрақтар практикалық жұмыспен сүйемелденді.