“Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық” облыстық тамыз кеңесі аясында “Өзекті психологиялық мәселе: Шешім. Қадам” педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтердің пленарлық сессиясы Ф.Оңғарсынова атындағы #41 мектеп-гимназиясында өткізілді.
Аталмыш пленарлық сессияның басты мақсатында білім беру ұйымдарындағы психологиялық-әлеуметтік қызмет көрсету жұмысын сүйемелдеу және мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мәселесі қарастырылды.
Шара 2 бағытта: “Қоғам сұранысы - психологиялық дені сау ұрпақ” және “Психолог және әлеуметтік педагог бейнесі” тақырыптарында ұйымдастырылды.
1-бағытта Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетова модераторлық етті. Осы бағытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының “Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту” орталығының директоры К.Ғ.Елшібаева қатысып, білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын енгізу бойынша, ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Б.К.Айтбаева ҚР Заңнамасында әлеуметтік-материалдық көмек туралы өзгерістерді, Қ.Жұбанов ат. АӨУ “Денсаулық және салауаттылық” орталығының жетекшісі жаңартылған білім беруде мектеп психологтарын қайта даярлаудағы ерекшеліктерді, Қ.Сәтбаев ат. ОМЛ-нің директоры А.М.Кисикова мектептегі жағымды психологиялық қызметте менеджмент рөлін, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі ДТІЖО ұжымдағы ұтымды психологиялық ахуалды арттыру жолдарын, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ДТІЖО Б.Х.Абельпеисова білім алушының қоғамдағы сұранысқа сай тұлғалық табандылығын қалыптастыру жолдарын, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, п.ғ.магистрі Н.Ж.Айтжанова психологиялық қызметтік есепке алу электронды журналының биылғы оқу жылындағы ерекшеліктерін, #60 ЖОББМ ДТІЖО М.Б.Турганбаева “Үштік Одақты” тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылады. 1 пленарлық секцияны қорытындылауда педагогика және психология магистрі, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері А.А.Тоқсанбаева қатысушылармен рефлексия өткізді.
2-бағытта Қ.Жұбанов ат. АӨУ оқытушысы, п.ғ.кандидаты, доцент Г.К.Кусаметова қазіргі қоғам сұранысына сай педагог-психологтың имиджі мәселесін, отбасылық-жүйелік психотерапевт, травма терапевт Г.А.Рахимова психологиялық консультацияда нәтижеге жету техникаларын, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім басшысы, “Психология” мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жұбандықова педагог тұлғасы және кәсіби құзыреттіліктерін, Есет батыр ат. олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің педагог-психологы Т.М.Советова гендерлік психологиядағы ер бала психологиясының ерекшелігін, #6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогы Г.Т.Максимова әлеуметтік қызметті ұйымдастырудағы мүмкіндіктер мен кедергілерін атап өтті. Бұл бағытты қорытындылауда п.ғ.магистрі, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Б.Байдуашова қатысушылармен кері байланыс жүргізді.
Пленарлық сессия материалдары облыстың барлық мамандарына QR код арқылы жіберілді.
Құрметті бала өміріне жанашыр жандар, психологиялық дені сау ұрпақты бірге қалыптастырайық!