2022 жылы 16 тамыз күні Облыстың педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Бастауыш білім беру: құндылықтар, әдістеме, тәжірибе» тақырыбындағы панельдік сессия жұмысына 100 ден аса бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының YouTube - арнасында тікелей трансляцияланды.

Панелдік сессия барысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Светлана Жубаеваның жетекшілігімен өтті.

Сессия жұмысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім мазмұны институтының аға ғылыми қызметкері, п.ғ.магистрі, «педагог-шебер» Пернегүл Таубайдың бастауыш пәндерін оқытуда жаңа оқу жылындағы жаңалықтарды таныстыруымен басталды.

Панельдік сессияның бірінші бөлімінде спикерлер: Ақтөбе қаласы Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін IT мектеп-лицейінің директоры, бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-шебер», п.ғ.к., республикалық «Үздік педагог» атағының иегері Салтанат Салиш, Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-шебер», п.ғ.магистрі, республикалық «Үздік педагог» атағының иегері Татьяна Михайлова, Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші», республикалық «Үздік педагог» атағының иегері Дәмежан Қыстаубаева, Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-шебер», озат тәжірибесі облыс көлемінде таратылған озық тәжірибелі ұстаз Жаңылсын Жарылғасова, Ойыл ауданы Шәрбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші», облыстың «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Бейбинур Амангалиева бастауыш сыныпта құндылық бағдарларын қалыптастыру үшін белсенді білім беру ортасын құру жолдары, жалықтырмайтын сабақ құралдары, объективті бағалау әдістері, құндылыққа бағытталған білім туралы ой талқылап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға өз тәжірибелерінен нақты жауаптар берілді.

Спикерлердің ой талқысынан кейін Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші» Айна Раева қатысушылардың құндылық саласындағы қарым қатынасын жеңілдету, өзін-өзі өзгертуіне, жетілдіруіне арналған фасилитация жұмыс түрін өткізді.

Сессия жұмысының бірінші бөлімінің соңында ұсыныстар қабылданып, Google Form әдісі негізінде кері байланыс жасалды.

Панельдік сессия жұмысының екінші бөлімінде Ақтөбе қаласы №8 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші» Сәуле Үшкемпірова, Ақтөбе қаласы №51 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші» Венера Калдина, Хромтау ауданы №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші» Рунат Таимова, Ақтөбе қаласы №28 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-зерттеуші» Айгуль Еденова бастауыш класс оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын құндылықтар негізінде қалыптастыру, білім берудің басты құндылықтары негізінде белсенді білім беру ортасын құру мақсатында шебер-кластар көрсетті. Қатысушылар құндылықтарды қалыптастыратын тапсырмаларды орындап, тиімді әдіс-тәсіл түрлерімен, озық тәжірибемен танысты.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1