2022 жылғы 16 тамыз күні облыстың педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар, жетілдіру жолдары» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің панельдік сессиясы өтті. Шара офлайн және АОНПЦ YouTube желісінде тікелей эфир арқылы жүргізілді.
Панельдік сессияда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының аға ғылыми қызметкері Айгуль Токтарбаевна Кайыпбаева 2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» пәндерін оқытудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Сессия спикерлері өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастыру, тарихты оқытуда қолданылатын цифрлық технологияларының тиімділігі мәселелерін талқылады.
Панельдік сессияда шебер-класс көрсеткен педагогтер оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды, оқу-әдістерін қолдануды, сондай-ақ, білімге тартудың тиімді жолдарын ұсынды. Тарих сабағында оқушылардың ойлау және коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудағы білім мазмұнын оңтайландырудың маңыздылығы, тарихи деректермен жұмыс істеу алгоритмімен бөлісті.