Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 маусым күні «Ата-анамның мамандығы» тақырыбындағы шара ТжКББ ұйымдарында білім алып жатқан студенттердің, ауылшаруашылық, теміржол, мұнай-газ саласында қызметте жүрген ата-аналарының бір жұмыс күнімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында білім беру ұйымдарының 9-11 сынып мектеп түлектеріне облысымыздағы ТжКББ ұйымдары даярлайтын техникалық мамандықтары туралы ақпарат беріліп, түлектердің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру реттілігі, тәртібі туралы сөз етілді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар облысымыздағы 42 колледждің мамандықтары туралы "Мамандықтан навиготоры" порталы арқылы қосымша ақпарат алу мүмкіндігі, шәкіртақы мөлшері, жатақхана, жұмысқа орналасу көрсеткіштерімен де танысты.
Іс-шара соңында орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің психолог-әдіскері Арайлым Амангельдиевна «Psy time» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, оқушылардың техникалық мамандыққа бейімділігін бағалай алды.
Ашық диалог алаңында мектеп түлектерінің мамандықтар бойынша сұрақтарына жауап беріліп, шара қорытыланды.