2022 жылдың 9 маусымында Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің базасында КЕАҚ "Талап" және Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және бизнес әдістемелік қызметінің өзара іс-қимылы-серіктестер диалогы" тақырыбында республикалық форум өтті.
Форумның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру мен бизнестің ашық диалогын құруға бағытталған әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдерді көрсету.
Форум жұмысына ғылыми-әдістемелік орталықтары, ТжКББ ұйымдарының әдіскерлері, бизнес өкілдері қатысты.
КЕАҚ "Талап" вице-президенті С.М.Тәттібеков "Білім басқармасы әдістемелік кабинеттерінің және ТжКББ ұйымдарының кадрларды даярлаудағы рөлі" мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, Түркия, Ресей, Беларусь республикаларынан келген шетелдік әріптестер әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, орта кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру туралы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, секция жұмыстарының қызықты және мазмұнды өтуіне КЕАҚ "Талап" штаттан тыс тренерлерінің форум қатысушыларына:
* академиялық дербестік шеңберіндегі менеджмент;
* ТжКБ-да инклюзивті білім беру;
* ТжКББ әдістемелік қолдау саласындағы КЕАҚ "Талап" қызметінің негізгі бағыттары тақырыбындағы жұмыстарын айтуға болады. Ашық диалогтық алаңы түрінде өткізілген шара тәжірибемен бөлісуге, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Форумға Ақтөбе облысынан облыстық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетова, Хромтау тау - кен техникалық жоғары колледжінің әдіскері А.К.Утенова, Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің әдіскері Ж.С.Алдерзина қатысты.
Іс-шараға қатысушылар ТжКББ ұйымдарында әдістемелік қызметтің тиімділігі бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Өткізілген форумның қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.