2022-Балалар жылы аясында кәсіби суретші мен көркем еңбек пәні педагогтерінің «Өнер көкке жеткізер» тақырыбында  облыстық өнер мұражайында  республикалық қол өнер шығармашылық көрме ұйымдастырылуда.

 Ұйымдастырушылар:

  • Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Қазақстанның жыл мұғалімі-2021» төс белгі иегері Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ көркем еңбек пәні мұғалімі Ақбота Туысова;
  • Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, Шалқар ауданы «ГКС-12ЖОББ»КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Айгүл Сүйеубаева;
  • Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, Ақтөбе қаласы №40 ЖББОМ мұғалімі Гауһар Мурзалинова;
  • Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ мұғалімі Олеся Имамурзина;
  • Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, Ақтөбе қаласы №56 ЖББОМ мұғалімі Ақтоты Туысова

Көрменің мақсаты: Республика бойынша көркем еңбек пәнінің шығармашыл мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізін ұштастыру, әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып көрерменге жеткізу.

 Шараға республиканың барлық өңірлерінен келген 80-нен астам ұстаз, шығармашыл педагог республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында біріккен.

Бұл көрменің ерекшелігі: педагогтермен бірге талантты да талапты шәкірттері өз шығармаларын көрерменге ұсынады. Яғни, 70-ке жуық жас таланттар қатысуда.

Көрмеге республика бойынша (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен, Орал қалаларынан) қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін пейзаждан бастап, сәндік қолданбалы өнердің әр түрлерінен жұмыстар ұсынылған.

Көрме 2022 жылдың 27 маусымға дейін жалғасады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1