2022 жыл 24 мамыр  күні «Педагогтерге мобильдік көмек» жобасы аясында «Оқушылардың жоба жұмыстары оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыстың инновациялық құрамдас бөлігі» тақырыбында облыстық семинары өтті.

Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Б.С. Туржанова ашып, "Педагогтарға мобильді көмек" жобасын жүзеге асыру туралы және  оқу процесіне енгізудің тиімді жолдарына тоқталды.

 «№22 ОМ» КММ директорының орынбасары, дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мектеп координаторы, магистр, Г.Т.Алипова «Психологиялық ахуалды қалыптастыру» тақырыбында қатысушылармен тренинг өткізді.

«Жас дарындар - жоба бастамасы» тақырыбында «№22ОМ» КММ директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,магистр, педагог-зерттеуші Л.С.Кудайбергенова мектептің ізденіс жұмысрының жүйесін көрсетті.

Практикалық бөлімде «№22ОМ» КММ пән мұғалімдері бірнеше бағыттағы жұмыстарымен бөлісті.

·        Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог -зерттеуші  Г.М.Аметова «Жеті жұрттың тілін біл» тақырыбында;

·        Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог -модератор Ж.Рашидқызы

«Оқушыларға мәтінді игертудің тиімді тұстары»;

Биология пәні мұғалімі, педагог –зерттеуші Л.В.Дамирова  және тарих пәні мұғалімі, педагог -зерттеуші Б.М. Бекбосынова  «Қорытынды сабақта  жобалық  әрекеттерлі қолдану»тақырыбында;

·        Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог -зерттеуші  А.А. Шамгонова «Білім беру мен шығармашылықты дамыту арқылы болашақ әдебиетшіні қалыптастыру»;

·        Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог -сарапшы Ж.А.Акибаева Биология пәні мұғалімі, І санатты, А.З. Тастемирова «ZipGradе платформасының тиімділігі»  тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың соңында қатысушылар тақырыптар бойынша жобалармен жұмыстанып, қорғады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1