Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі «Worldskills Aktobe -2022» аймақтық чемпионатының жабылу  салтанаты өтті.  «Worldskills Aktobe» аймақтық чемпионаты 18–21 мамыр аралығында ұйымдастырылып,  57 құзыреттілік бойынша  16-22 жас аралығындағы 300-ге жуық қатысушы өз шеберліктерін көрсетті.

Басқарма басшысының орынбасары Д.У.Жаманбаева бұл чемпионат арқылы Қазақстанда білікті мамандар көбейетіндігін  алға тартты. Барлық жеңімпаздарды құттықтап, шараның сапалы өтуіне атсалысқан білім ошақтары мен сала мамандарына ризашылығын білдірді.  Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жоғары деңгейде  өтуіне мұрындық болған әлеуметтік серіктестіктер «Автоцентр Ақтөбе» ЖШС  басшысы Сергей Никитин, «Запказ-авто» ЖШС директоры Илона Искандирова «Зодиак» мейрамханасының басшысы  Ақбота Наурызбаева және атсалысқан 11 колледж директорлары сахна төріне шақырылып, Алғыс хат табысталды. 

Байқау қорытындысы бойынша 57 студент алтыннан алқа тақса, 43-і күміс,  46-сы қола медальді еншіледі. Сондай-ақ чемпионатта кәсіби шеберлігімен ерекшеленген 20 қатысушы медальонмен мадақталды. Аталған, кәсіби шеберлік байқауы жастар үшін  әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелермен алмасуға,  біліктілікті шыңдауға, құзыреттілікті дамытуға зор мүмкіндік берді.

Республикалық чемпионатқа жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілейміз!

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1