Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 30 қаңтар күні Ақтөбе қаласы №20 ЖББОМЛ базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Қашықтан тиімді оқыту үшін түрлі платформалардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында онлайн практикалық семинар өтті. Семинар облыстың жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің қатысуымен ZOOM платформасында өткізілді.

Семинарда лицей-мектеп мұғалімдері қашықтан оқыту жағдайындағы өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, мектепішілік бақылау және мониторинг жүргізу үшін GoogleDisk-ті қолдану, асинхронды оқыту құралдарымен және сайт мүмкіндіктерімен бөлісті. Сонымен қатар OnlineMektep платформасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытуда Google сервистерін қолдануды, жиынтық жұмыстарды құруды көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасып, №20 ЖББОМЛ мұғалімдерінің қашықтан оқыту жағдайындағы жүйелі және жемісті жұмыстарын жоғары бағалады. Практикалық семинарға қатысушылармен рефлексия GoogleJamboard тақтасының көмегімен жүргізілді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1