Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай 2022 жылғы 17 мамырда М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Тәжірибелік – эксперименталдық жұмысты ұйымдастырудың талаптары және ерекшеліктері» тақырыбында шебер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Физикалық заңдылықтарды меңгертуде тәжірбиелік жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында физика пәні мұғалімі Қаршыгина Лабат Тилектесовна бірнеше зертханалық жұмыстар жасады. Онда алынған заттың массасы қандай шамаларға тәуелді болатындығын тәжірибе жүзінде анықтауды көрсетті.
«Физика сабағындағы демонстрациялык тәжірибелер» тақырыбында Айтенова Эльмира Муратовна жылу берілу түрлерін, магниттік құбылыстарды, полюстердің бір-біріне әрекетіне демонстрациялық тәжірибе жүргізді.
«Оптикалық құбылыстарға зертханалық жұмыстардың теориямен байланысы» тақырыбында физика пәні мұғалімі Жилгельдин Сабыржан Жексенгалиевич оптикалық құбылыстарға тәжірибе жасап, оны теориямен байланыстырып, формулаларды қорытып шығарды.
Шебер класс барысында семинарға қатысушылар топқа бөлініп, тәжірибе жұмыстарын жасады.
Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Мектепке дейінгі және жалпы орта
білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова